“Қабірімді қазу үшін орманға апаратынын айтты: Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеубаласы сотта сөз сөйледі
- автор Анар
- 3 маусым, 2024
- 1.5k
Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысында бұрынғы күйеу баласы, жәбірленуші Абай Жүнісов сөз сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
BAUR Kazakhstan компаниясының бұрынғы иесі Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды мен оның сыбайластары оны қалай заңсыз ұстағанын және дене жарақатын саламыз деп қорқытқанын айтып берді.
“13 ақпан күні досым екеуміз көлікке отырғалы тұрғанымызда Гүлмира өзінің жүргізушісі Мәди Батыршаевпен және бірнеше қызметкермен бірге келді. Ол кезде Қалқамандағы анамның үйінде едім. Маған Гүлмира психологиялық қысым көрсетіп, мені көлікке отырғызды. Кеңседе оның ағасы Қасым мен Сатыбалды болды. Ары қарай үстіме бір бөтелке су құйып жіберді. Егер мен мойындамасам және активтер бермесем, төмендегі ОПГ мүшелері мені өз қабірімді қазу үшін орманға апаратынын айтып қорқытты", – дейді Абай Жүнісов.
Гүлмира Сатыбалды оны бес ай бойы қамауда ұстаған. Айтуынша, тіпті әйелін психиатриялық ауруханаға жатқызып, өзін өлтіремін деп қорқытқан. Абай Жүнісов шындық детекторынан (жабдық «Қазақтелекомға» тиесілі делінеді) өтуге мәжбүр болған. Өйткені Сатыбалдының жұбайы шетелде мүлкінің бар-жоғы туралы ақпарат іздеген.
“Мені тек күзетпен ұстап отырды. Құқық қорғау органдарынан көмек сұрау мүмкін болмады. 18 ақпанда әйелім модемді үйден шығаруға тырысқан кезінде қолын терең кесіп жіберген. Жұбайыма көмектесу үшін жедел жәрдем шақыртайын деп едім Батыршаев тосқауыл болды. Кейіннен Қайрат Сатыбалды кездесуге шақырып, маған Гүлмира тағы да ұрлық жасады деп жала жапты. Мен кінәлі емес екенімді түсіндіріп айттым. Содан кейін Қайрат мені жарықсыз көрші кабинетке апарып, ұрлыққа қатысымды сұрады. Жауаптың астына алды. Ол “егер мен қашуға тырыссам, қай жерден болсын алып кететінін айтты", – дейді Абай Жүнісов.