Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Арман Әшімов жалған спорттық атақ алғандарды әшкереледі

Арман Әшімов жалған спорттық атақ алғандарды әшкереледі
Aikyn.kz
Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі танымал аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан кейін тексеріс жүргізді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Аралас жекпе-жек шебері видеода «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» сынды атақтар жалған спортшыларға негізгіз берілгенін айтқан. Антикор бейне-ақпаратты тексеріп, Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айрылды.

Сондай-ақ құзырлы мекеме жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігіне жемқорлық деректерін жою, Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын іске қосу сынды ұсыныстарын жолдады.

Е-sport Ұлттық цифрлық платформасы спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құрайды және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік бермек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар