"Тек қазаққа тисін": Тоқтар Серіков шетелдік жігіттерге тұрмысқа шыққан қыздарға шүйлікті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2024
- 589
Әнші Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына түбегейлі қарсы екенін айтты. Өнер иесі бұл пікірі көпшілікке ұнамаса да, сол ұстанымда қалатынын жеткізді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Маған көп адам шүйлікті. Бұл менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тию керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса қатты қарсымын. Жүрегім ауырады", - дейді әнші журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.
Айта кетейік, ол сондай-ақ "Назарбаевтың алдында өлең айтпай-ақ қояйыншы" деп серт бергенін және "қаңтар оқиғасы жөнінде көкейімде әлі өксік бар" деген болатын.