ШҚО-да студент қыз әкесін сотқа беріп, оқуының ақысын төлетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2024
- 937
18 жастағы студент қыз оқуына ақша төлегісі келмеген әкесін сотқа берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz сілтеме жасап.
Қаңтарда 18 жасқа толған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны туған әкесінің үстінен сотқа шағым түсірді. Кәмелетке толғанына байланысты әкесінің оған қатысты кәмелетке толмаған баласын асырау үшін анасының пайдасына өндіріп алынған алименттік міндеттемелері тоқтатылды.
Белігілі болғандай, бойжеткен қазір жылдық оқу ақысы 250 мың теңге болатын ақылы колледжде оқиды, бірақ әкесі оқу кезінде оған өз еркімен материалдық көмек көрсетпеген.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес жалпы орта, техникалық білім беру жүйесінде оқитын кәмелетке толған балаларын ұстауға ата-аналар өз еркімен қаражат ұсынбаған жағдайда және кәсіптік, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанында 21 жасқа толмағандар, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріледі. Осы құқығын пайдаланып, қыз әкесінен белгіленген мөлшерде алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Сот отырысында тараптар келісімге келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат берді, сот ұйғарымымен қанағаттандырылып, медиацияның қорытындысына байланысты іс өндірістен қысқартылды", - делінген құзырлы орган хабарламасында.