Басты жаңалықтар
Қазақстанда демалыс күндері қар жауып, аяз болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:35
- 42
Синоптиктер 17-19 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында – қар, батыста жаңбыр жауады.
Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республика бойынша тұман түседі, Қазақстанның шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -1...-7 градусқа дейін аяз болады.
- батыста күндіз ауа температурасы негізінен +18…+25 °C болады.
- солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20 °C-қа дейін аздап құбылады.
- солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17 °C-қа дейін аздап өзгереді.
- орталықта күндіз ауа температурасы негізінен +10…+20 °C болады.
- шығыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен +3…+12 °C, таулы аудандарда -2 °C болады.
- оңтүстікте түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25 °C болады.
- оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8 °C болады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстан биыл Қытайдан 1,5 миллиард доллар қарыз алған
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қазан, 2026




