Қоғам
Алматы облысында оқушы өртеніп жатқан үйден екі адамды аман алып шықты
- автор Анар
- 5 маусым, 2024
- 534
Облыстық әкімдік өкілдері оқушының көрсеткен ерлігін мадақтап, ата-анасына алғысын білдірді
Алматы облысындағы Боралдай кентінде 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан өрттен зейнеткер мен оның немересін аман алып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
2024 жылғы 4 маусымда Боралдай кенті, №39 гимназияның 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан досының үйіне келе жатып, үйлердің бірінен өрт шығып жатқанын байқаған. Ойланбастан өрт шыққан үйге жүгіріп кіріп, ондағы 63 жастағы кісі мен 12-дегі немересін алып шыққан. Артынша өрт сөндірушілерді шақырған.
"Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс", - деді облыстық әкімдік өкілдері.
Келесі мақала