Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 6 маусымға ауа-райы болжамы

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 6 маусымға ауа-райы болжамы
Сурет: mlyn.by
Сонымен қатар, ел аумағы бойынша жел күшейіп, батыста күндіз шаңды дауыл соғады.

«Қазгидромет» бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

6 маусымға ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, күндіз батыста, солтүстікте бұршақ жауады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сонымен қатар, ел аумағы бойынша жел күшейіп, батыста күндіз шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар