Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

12 жасар қызды бес адам зорлады: Оралда күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

12 жасар қызды бес адам зорлады: Оралда күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты
Сурет: bloknot-stavropol.ru
Сотталушылар өз кінәларын мойындамаған

Оралда 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған бес адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, сот өткен жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі "Лада" автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады. Бұдан басқа да көліктің ішінен ақшаны жымқырған. Автокөлік иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Ал 10 маусымда екі айыпталушы Фольксваген көлігінен ұялы телефонды ұрлап, келесі күні олар кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында дәлелденген. Алайда, сотталушылар өз кінәларын мойындамаған.

Сот басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған төртеуінің екеуіне 7, 6 жыл берілсе, тағы екі күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокурор күдіктілердің кінәсі дәлелденгенін айтқанымен, зорланды деген 12 жастағы қыздың анасы айыпталушыларды ақтауды сұрады. Ол қызының ешқандай зорланбағанын айтады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар