Қазақстанда зейнетақы төлемдері тағы да өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы - 100-ден 120 пайызға дейін өседі.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2024 жылы 203 060 теңге). Ұсынылып отырған шаралар зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлесін ұлғайтуға және оның мөлшерін 2025 жылға қарай орта есеппен 27 %-ға арттыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады департамент.