«Мүшеқапты қай кезде қолданады»: Блогер Нағимуша мектепте жыныстық сауатты үйрету керектігін айтты
- автор Анар
- 6 маусым, 2024
- 4.8k
Блогер Нағимуша мектеп оқушыларына жыныстық сауат туралы ашық айтылуы керек екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер бұл туралы Dop soz подкастында сөз қылып, өзі кішкентай күнінен «ұят» деп саналған нәрселерді біліп өскенін айтты.
“Мен Өскемен өңірінде туып өстім. Шыны керек, ол орыстілді қазақтар көп тұратын мекен. Мектепте оқып жүргенде бізге мүшеқаптың не екенін және етеккірдің қалай келетінін үйретті. Көбінесе қыздарды жинап ашық сабақ өткізетін. Бірақ ұлдар мұндай жиналысқа қатыспайтын. Қазір ойлап қарасам, бұл дұрыс емес екен. Қыздар білетін дүниені ұлдар да білуі керек қой. Анам менімен ашық сөйлесетін. Бар білгенін айтып отыратын. Екеуміз “бала қалай пайда болады”, “Мүшеқапты қай кезде қолданады” деген секілді тақырыпта көп әңгіме айтатынбыз. Сондықтан мен кішкентай күнімнен ұят болады деген дүниелерді біліп өстім. Бұдан жаман болған жоқпыз ғой. Осы секілді білім ордаларында ашық айтылуға тиіс”, – дейді блогер.