Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өгей ағам мені зорлаған жігітті итке талатты...

Өгей ағам мені зорлаған жігітті итке талатты...
Сурет: zp.vgorode.ua
Бойжеткенді өгей ағасы әрдайым қорғап жүретін болатын.

Бойжеткен өгей ағасының өзін зорлаған жігітті итке талатқанын айтып, жан сырын ақтарды. Ол қыз-келіншектерге зорлық көргендерін жасырмауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпара агенттігі Oinet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жастайынан менің анамның  соңынан бір жігіт қалмай жүрген. Бірақ анам ол жігітке қарамаған. Кейін анам басқа біреуге тұрмысқа шығады. Ол жігітте оны естігесін өз жайымен кетіп, ол да отбасылы болып кетеді.  8 жыл отау құрған анам мені құрсағында көтеріп жүрген кезде, әкем анамды тастап кетеді. Анам болса сол жылдары жазылмас ауыр дертке шалдыққан еді. Мені аман-есен босанып көп ұзамай дүниеден өтті. Бұрын анамның соңынан ес-түссіз ғашық болған жан, соны естіп мені асырап алады. Содан бастап мен асырандымын. Өгей əкемнің айтуы бойынша. Оны өскен кезде білдім.  Қазір жасым 12 де. Менің өгей əке-шешем мені мүлде шектеткен емес. Жəне оларда жалғыз ұлы бар эко арқылы тудыртқан. Менен 8 жасқа үлкен. Дəурен есімді ақыл есі кемдеу. Мен Дəукен деймін оны. Дəрігерлердің айтуы бойынша өгей əке-шешем бала тудыртуға жарамсыз. Біз қаланың шеткі жағында тұрамыз, шамалы кішігірім қойларымыз бар. Соны ағам қарайды.  Осыдан екі ай бұрын мен көрші қызға барып ойнап жүретінмін. Бір күні ол үйге барсам үлкен ағасын көрдім. Менен үлкен. Ол алдап мені үйіне кіргізіп алды. Үйінде ешкім жоқ екен. Кейін мені күшпен зорлады. Өзімде киінген киімім жеңіл желпі қысқа киініп жүретін едім. Ол кезде мен мүлде ойымда ештеңе болмағасын аңқаулықпен алданып қалдым. Ол бала мені зорлап болғасын, ештеңе болмағандай жүрді. Мен шамалы уақыттай есімнен танып жатып қалған едім. Кейін үйге бардым, үйдегілерге білдіртпеуге тырыстым. Үш күндей тəбетім болмай бөлмемнен шықпауға тырыстым. Бірақ Дəурен деген ағам бір нəрсе сезіктенгендей қасыма келіп сұрай берді. 

"Неге сенің көңіл күйің жоқ" деп.  Менің асты үстіме түсіп, барлық ұнатқан тəттілерді дүкенен сатып əкелді. Өтінді.  Мен шыдамай айтып қойдым. Көрші бала не жасағанын. Ол ағам ақыл-есі кем, 2 ші топ мүгедек. Ашуға батып өзін-өзі ұстай алмай. Көрші баланы быт-шытын шығарып ұрды. Өгей болса да ол мені өз туған қарындасындай көретін. Ақыл-есі кем болса да жүрегі елжіреген бала секілді болатын.  Кейін таяқ жеген баланың əке шешесі полиция шақыртып арыз жазды. Бізде оған қарсы арыз жаздық. Ол көрші бала кəмелет жасқа толмағасын психологтар өз бақылауына алды. Сот шешімі бойынша олар бізге үлкен сомадай айыппұл төледі. Бірақ ақшамен адамның жүрегінің жарасын емдей алмайды. Соңғы күндері түнде шошып оянып кіші дəретімді жіберіп қоятынмын. Соны білген əке-шешем қасыма ағамды қалдырмайтын болды. Бөлмемде де жалғыз ұйықтамайтын болдым. Дəукен аға екінші ағаш төсекте маған бас көз болып ұйықтайтын болды. Қайда барсамда қасымда жүретін. Менің көңіл күйімді көтеру үшін өгей əкем мен ағам бар қолынан келгенін жасады.

Анам ондай көп еркелетпейді. Сəл қаталдау. Қыз болғасын əрбір нəрсеге көрсе қызарлық болғасын ба. Саусағымның ұшымен көрсеткен нəрсемді алып беретін болды. Базарға барған сайын ұнатқан киім-кешек көйлектерді Дəукен аға анама айтпай сатып алатын. Бар жиған терген зейнет ақысына. Арасында жүк тасып ақша табатын, ол кезде де қолына бір нəрсе ұстап əкелетін мен үшін.  Арада екі апта өтпей. Дəукен аға басқа тəсіл қолданып, көрші баланы итке талатқызған. 4-5 жерден тістеген қабаған ит. Одан кейін мені зорлаған бала көшеге де шықпайтын. Осыны естіген бүкіл көршілер менен қаймығатын болды. Дəукен аға менен көз алмай қарап жүретін. Айына бір мəрте қой кезекке де ағамен баратын болдым. Осыған дейін өмірі бармаған. Осы жағдай биыл көктем айында болды. Заң қызметкерлері ұзаққа созбай істі жапты. Түсінгенім ақыл-есі дұрыс жігіттер, біреудің жазықсыз қызының өміріне балта шабады. Құрметті қыздар əйелдер қауымы. Ешқашан жасырмаңыздар зорлық зомбылықтың құрбаны болып шыдап жүрудің қажеті жоқ», - дейді бойжеткен.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар