Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Боқаев өзі көтерген утиль жинауқты жою бойынша петицияны қарау жиынын тоқтатты (ВИДЕО)

Боқаев өзі көтерген утиль жинауқты жою бойынша петицияны қарау жиынын тоқтатты (ВИДЕО)
скрин Инстаграм
Санжар Боқаев бастаған топ Министрлік ғимаратына кіруден бас тартқан.

Санжар Боқаев өзі бастап көтерген утиль жинақ мәселесі бойынша петицияны қарау жиынына  Қазақстан бойынша  жақтастарымен бірге келген. Ол жиын басталмай тұрып әділетсіздік болып жатқанын айтып, дабыл қақты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Бүгін  Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігінде  утиль жинақ бойынша петицияны қарап, талқылау жиыны өтпекші болған еді. Жиынға ҚР Парламентінің  депутаттары он шақты министрлік өкілі, осы салаға қатысты мемқызметкерлер қатысып жатқан еді.

Жұмыс тобына  қоғамдық бірлестік белсенділері, С.Боқаев,  Е. Құлбасов,  Д. Мәкешов,  Д. Салықов сынды бастамашыл топтың еріктілері мен белсенділері де қосылған болатын.

Өнеркәсіп және Құрлыс министрлігі кеңсесіне басқа да министрлік ғимаратындағы талапқа ортақ талапқа  сай жиынға  қатысушылар телефонсыз кіру керек болған. Бірақ, Санжар Боқаев бастаған белсенділер бұл ережені  орындаудан бас тартып, өздерінің талаптарын қойды.

"Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен түнделетіп, жол жүріп, бір талаптың орындалуын сұрап, он мыңдаған халықтың тілегін алып келіп отырмыз. Мұнда "Министрлік ғимаратына телефоныңды тастап кір" дейді. Біз мұндаймен келіспейміз. Бұл тек менің мәселем емес, бүтін халық не боларын күтіп отырғаннан кейін, біз іште не болғанын көрсетуге тиіспіз. Рұқсат берсін, біз телефонмен кіріп, бар жағдайды тәркілейміз. Тіпті бұл жағдай барша халық алдында онлайн талқылануы керек деп есептейміз. Олар қазір видеоға түсіреді, өздеріне ұнаған тұсын ғана монтаждап қолымызға ұстатулары мүмкін. Сондықтан біз жиынның мұндай жағдайда өтуіне келіспейміз, қарсымыз, ішке кірмейміз",-деді Санжар Боқаев.

Ал, Өнеркәсіп және Құрылыс Министрлігінің баспасөз қызметі  белсенділердің өздері ұсынған жағдайға көнбей қойғанын айтты.

"Бұл мәселені талқылауға депутаттар, бірнеше Министрлік өкілдері жиналған болатын. Одан бөлек жауапты, мәселеге сай  қатысы бар мемқызметкерлер келді. Аймақтардан қоғамдық бірлестік мүшелері келді. Солай бола тұра, петицияны бастаған белсенділер талқылауға кіруден бас тартқандықтан жиын өтпеді. Олар ішке телефонсыз кірмейтіндерін айтты. Жиынның видео жазбасын ұстатамыз дегенімізге де көнбеді",-деп жауап берді   ӨҚМ баспасөз қызыметі.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар