Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада қай жерлерде құрбандық малын бауыздауға болатыны айтылды

Астанада қай жерлерде құрбандық малын бауыздауға болатыны айтылды
dalanews.kz
2024 жылғы Құрбан айт мерекесі биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтеді.

 Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарлардағы құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың қаншалықты сақталғаны тексерілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

"Шанхай" базары,

"Баракат" базары (А-369 көшесі, 10),

"Жайлау" базары (С-754 көшесі, ғимарат, 1),

"Шолпан-ата" базары ("Алаш" тас жолы, 27/2),

Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Ауыл шаруашылығы жануарлары сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында сойылуға тиіс.

"Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады", - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Мелис Қайнулдаев.

Айта кетері, биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсіп тұр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар