«Өз-өзіме қол жұмсаймын»: Атырауда мүгедек күйеуіне әділдік іздеген әйел видеоүндеу жолдады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 маусым, 2024
- 7.0k
Атырау қаласының тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР бас прокуроры және прьемер-министр, Жоғарғы сот Төрағасынан көмек сұрап, видеоүндеу жолдады. Айтуынша оның мүгедек күйеуін кәсіпкер алдап, түрмеге отырғызғалы жатыр, деп деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, кәсіпкер бірлесіп бизнес бастаймыз деп, артынша баспанасыз қалдырған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, алайда белгісіз себептермен жауып тастаған.
«Менің есімім Аруна, Атырау қаласының тұрғынымын. Жолдасым ІІ топ мүгедек. Кәмелет жасқа толмаған 4 балаларымыз бар. Қазіргі таңда күйеуімнің үстінен іс қозғалып сот процесі болып жатыр. Атыраудағы «Бейбарыс» хоккей клубының директоры Бошанов Болат Наурызұлы екеуі кәсіп бастаған болатын. Жалпы Бушанов Болат Орал қаласының азаматы. Арыраудағы белгілі тұлға кәсіпкер. Менің жолдасым екеуі Орал қаласынан мал шаруашылығымен айналысқан болатын. Қазіргі таңда Бошанов Болат жолдасымды алдап, Атырау қаласындағы жалғыз баспанамызды сатқыздырып, ақша да жоқ, үйде жоқ шығынға ұшырап отырмыз. Бошанов Болаттың үстінен алаяқтық іс бойынша іс қозғалып, бірақ белгісіз себептермен істі жауып тастады. Бошанов Болатқа алаяқтық істі қайта қарауға талап етемін», - дейді Аруна.
Видеоүндеу жолдаған әйел егер мүгедек күйеуі сотталса, өзіне қол жұмсайтынын айтты.
«Қазіргі таңда заңды түрде өз ақшасын талап еткені үшін керісінше жолдасымның үстінен Бошанов Болат іс қозғаттырды. Орал облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық іс көтеріп, жолдасыма қатысты Орал облысының Теректі ауданында сот процесі болып жатыр. Судья Құспанов Алтынбек сот процесінде жолдасымның қорғаушысының өтінішін қанағаттандырмастан үкім оқығалы отыр. Ал прокурор еш дәлелсіз жолдасымды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бошанов Болаттың күйеуіме арыз жазу себебі, оны түрмеге қаматып адал еңбекпен маңдай терімізбен тапқан малымызды иемденіп алуды көздеп отыр деп ойлаймын. Себебі біз бір жыл бойы әділдік іздеп келеміз. Менің жан айқайымды ешкім естімейді. Ертеңгі күні жолдасымды дәлелсіз негізсіз бас бостандығынан айыратын болса, өз-өзіме қол жұмсаймын. Сонда менің 4 баламды кім асырайды?», - дейді әйел.
Құрбан айт мерекесі 16 маусымға ауыстырылды
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024