Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мынау сұмдық қой: Алматы облысында 2500-ге жуық есекті қамап ұстап отырғандар елді шошытты(ВИДЕО)

Мынау сұмдық қой: Алматы облысында 2500-ге жуық есекті қамап ұстап отырғандар елді шошытты(ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скниншот
Автор бір топ есекті неліктен қамап отырғанын сұрап, ендігіде базардан ет алуға қорқатынын айтты.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында бір қора есекті қамап ұстап отыр. Оның арасында өліп жатқандары да бар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Автордың айтуынша, 2500-ға жуық есекті біреу қамап ұстап отыр. Есектер егістікке түсіп қоймаған соң, шаруа қожалықтары шағымданған. Кадрдан өліп жатқан есектерді де байқауға болады.

“Мына есекті не үшін бағып жатыр? Сөзім жоқ. 2500 мың есек бар екен. Оның арасында өліп жатқаны да бар. Әкімшілік қайда қарап отыр? Мынау инфекция таратады ғой. Күнкөріс қиын болды ма? Балалар үшін қорқасың. Базардан ет алуға қорқатын болдық, енді есектің етін жейміз ба?”,- дейді видео авторы.

Бейнежазба осы жылдың 2 маусым күні түсірілген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар