Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Пара бойынша ұсталған Көкірекбаев ақталып, оның орынбасары мен кәсіпкер 11 жылға сотталды

Пара бойынша ұсталған Көкірекбаев ақталып, оның орынбасары мен кәсіпкер 11 жылға сотталды
Zhambylnews
Бас прокуратура үкіммен келіспейтінін мәлім етті.

Алқабилер сотының шешімімен "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алу ісі бойынша ақталып шықты. Бірақ Бас прокуратура үкіммен келіспейді, сондықтан наразылық танытпақ.

"07 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады. Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған. Соттың үкіміне прокуратура оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат түсіреді", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Айта кетері, алқабилер соты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы, Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты ақтап шығарды. Ал оның орынбасары мен пара берген адамды 11 жылға соттады.

2022 жылдың желтоқсанында Кәрім Көкірекбаевтың пара алу үстінде ұсталғаны мәлім болды.

Ол 2013-2018 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған. Ал 2019 жылы тамыз айында "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар