Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ДСМ онкологияны емдеуге бөлінетін қаржы неге қысқарғанын түсіндірді

ДСМ онкологияны  емдеуге бөлінетін қаржы неге қысқарғанын түсіндірді
sputnik.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәжіліс депутаты Асхат Аймағамтетовтің жазбасынан кейін онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы не себепті 20 пайызға қысқартылғанын түсіндірді.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі осы жылы медициналық ұйымдардағы онкологиялық пациенттерге медициналық көмек көрсетуге талдау жүргізген.

"Іріктеп алып тексерілген алты ұйымда медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттары мен қағидалары бұзылғаны, сондай-ақ 18 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің онкология орталықтары алған пайданың жалпы сомасы 31,8 млрд теңгеден асты", - делінген ведомство түсіндірмесінде.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф белгілеу туралы бұйрыққа сәйкес, тарифтер пайда алуды, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды көздемейді.

ДСМ өкілдері мынандай фактілер анықталғанын атап өтті:

пайда алу үшін емдеуге жатқызу жағдайларын жасанды түрде бөлшектеу;

есептен шығарылған және тағайындалған химиялық препараттардың сәйкес келмеуі;

ұсынылған жағдайлардың емдеу стандарттарына сәйкес келмеуі;

тарифтердің нақты шығындардан асып кетуі. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар