Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бағдат Мусиннің жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат шықты

Бағдат Мусиннің жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат шықты
Сурет: profit.kz
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап, биыл наурызда аяқтады

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Қазақтелеком АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мусин министр қызметінен осы жылдың наурыз айында босатылған болатын.

“ҚазТАГ редакциясына Бағдат Мусиннің «Қазақтелеком» АҚ басшысы болғаны туралы ақпаратпен таныс дереккөзі растады”, – деп хабарлады ҚазТАГ басылымы.

Бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ Қуанышбек Есекеев басқарды. Ол Мемлекет басшысы қаулысымен Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар