Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Өзін қоздырып жібергенін айтқан”: Қарағандыда белгісіз ер адам жалғыз жүрген қыздың ұятты жеріне қол жүгірткен

“Өзін қоздырып жібергенін айтқан”: Қарағандыда белгісіз ер адам  жалғыз жүрген қыздың ұятты жеріне қол жүгірткен
Сурет: forbes.ru
Қарағандылық бойжеткенді жол бойында ер адам қуып, ұятты әрекетке шақырған.

Қарағандыда  ер адам бойжеткенге тиісіп, азғындық әрекеттерін жасамақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиғадан соң қыз қорқып қалған. Құрбысының айтуынша, ол ер адамды суретке түсіре алмаған.

“Жақында ғана құрбымның басынан келеңсіз жайт өтті. “Дипнер шипажайының" жанында оған сарғыш шашты, белдемше киіп алған ер адам тиіскен. Ол құрбымның бөксесінен ұрмақ болып, азғындық танытқан. Өзін қоздырып жібергенін айтқан. Бірақ құрбымның үстінде  қарапайым джинсы мен футболка болған. Жақын жерде ешкім болмағандықтан, ол қатты қорқып, үнсіз "Гигант" жақтағы тұраққа қарай жүрген.

Себебі жан-жағында қоршау мен ағаштар болыпты. Құрбым кетіп бара жатқанда ер адам "Ксения" деп айқайлап, артынан жүре бастапты. Кейін адамдарды көрген соң, басқа жаққа қарай қаша жөнелген. Құрбымның қатты қорыққаны соншалық айқайлап, оны суретке түсіре алмапты. Менің досымның орнында кез-келген басқа әйел немесе жасөспірім болуы мүмкін еді. Бұл өте қорқынышты. Сақ болыңыздар!",- деп жазған бойжеткеннің құрбысы.

Бұл оқиғадан кейін Қарағанды облысының полиция департаменті ер адамға іздеу жариялап, оны ұстады. Оның психоневрологиялық диспансерге жеткізілгенін мәлімдеді. 

"Бұл факт полицияда тіркелген. Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтады. Денсаулық жағдайына байланысты облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды", - деп хабарлады ведомство.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар