Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қазақтелекомның" экс-төрағасы президенттің кеңесшісі болды

"Қазақтелекомның" экс-төрағасы президенттің кеңесшісі болды
Baq.kz
Ол 2010 жылдың 15 наурызынан бастап үш рет "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып сайланды.

Қуанышбек Есекеевті президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтее жасаған KYN.KZ  тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада. Қуанышбек Есекеев 1975 жылы 10 маусымда Алматыда дүниеге келген.

1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика және қолданбалы математика факультетін "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын бітірген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттандыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ақпараттық технологиялар және инновациялық саясат департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2004 жылғы мамырдан – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы міндетін атқарды. 2010 жылдың 15 наурызынан бастап үш рет "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып сайланды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар