Мәдениет
Мақпал Жүнісова көпшілікке үйінің көгеріп, шіріп кеткенін көрсетті (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 11 маусым, 2024
- 9.7k
Жүнісова: сырты әшейін жылтырап тұрған екен ғой...
Әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында өзі тұратын үйдің көгеріп, шіріп кеткенін көрсетті. Сөзінше өнер жұлдызы тұратын үйдің ескіргені сонша, құбырлар жарылып, үйіне су кірген, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой", - деді Жүнісова.