Мәдениет
Құдасымен әзіл видео түсірген Айдарбекованы жұрт сынады (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 11 маусым, 2024
- 3.5k
Гүлзира Айдарбекова: құдам риза болсын десеңіздер қолдаңыздар.
Қайрат Нұртастың анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова кіші келінінің әкесімен әзіл видео түсіріп біраз жұртқа жақпай қалған сыңайлы. Құдасымен әзілі жарасқан Айдарбекова әдемі табиғатта, тақырыпқа сай жағымды видео түсірген. Әрі құдасы екеуі бірін-бірі толықтырып Қазақстанның әдемі табиғаты жайлы дыбысқа сай рөлдерін сомдаған.
"Индирамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарым үшін көтеріңкі көңіл- күй болсын деп тик-ток түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы", - деп жазды ол.
Мұны көрген біраз жұрт Айдарбековаға қызығып, отбасына бақыт тілеп, жақсы көретіндерін жазған. Ал тағы бір топ түрлі кемсіту, келемеждеу, ұят деген пікірлерін қалдырған.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 наурыз, 2026
Мәдениет
Блогер Жанабыловтар ісі: Астанада сот отырысы басталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2026




