«Бірнеше рет ЭКО жасаттым»: Дильназ Ахмадиева бала көтере алмай қиналған сәтін есіне алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 маусым, 2024
- 422
Әнші Дильназ Ахмадиева тұңғышын ЭКО арқылы дүниеге әкелгенін айтып, сол күндерді есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Jibek Joly арнасындағы “Ана болғым келеді” бағдарламасында бөлісті.
“Тұрмысқа шықтың ба, бітті содан бастап “Қалай бала жоспарлап жатырсыңдар ма?” деп сұрайды. “Күте тұрыңдаршы, күні кеше ғана тұрмысқа шықтым ғой” дегің келеді. Алғашында күн сайын болса, ол айға, ары қарай жылға созылады. Бұл өте дұрыс емес. Жас қызға болсын, келіншекке не болмаса балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға мұндай сұрақ қоюға болмайды. Олар сізге жымиып ғана қойғанымен, оның ішінде не болып жатқанын білмейсіз ғой. Біздің мемлекетте бұл қалыпты нәрсе болып көрінеді. Оған біз үйренгенбіз. Еркектен гөрі, әйелге жауапкершілік артып қойған. «Ол туа алмайды» дегендей айтады. Бірақ кінәрат өзінен екенін көп еркек мойындай бермейді», - дейді Дильназ.
Анасының айтуынша, Дильназ бала көтере алмай біраз қиналған. Ол ұлын 39 жасында дүниеге келген.
«Бәрі бір Алланың қолында. Бір емес, бірнеше рет ЭКО жасаттым. Оған дейін мен ЭКО-мен дүниеге келгендер болашақта балалы бола алмайды, ми дамуында өзгеріс болады дегендей әңгімелер бар. Аутист немесе Даун синдромына ұшырайды деп те айтады. Бірақ мұның барлығы жалған. Мен олардың арасынан еш байланыс көрмеймін. Мен бұл жерде генетикалық мәселе бар деп ойлаймын", – дейді әнші.