Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ертісбаев – өтірікші»: Салтанат Нүкенованың ағасы экс-министрдің өзінен кешірім сұрауын талап етті

«Ертісбаев – өтірікші»: Салтанат Нүкенованың ағасы экс-министрдің өзінен кешірім сұрауын талап етті
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Ол Ертісбаевты өтірікші деп атады

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді саясаткер Ермұхамет Ертісбаевтан өз туралы жалған ақпарат айтқаны үшін кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ертісбаев youtube-арнасында Айтбек Амангелдіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын. Алайда, оның айтуынша бұл жалған болып шыққан.

"Бұл сіздер үшін жаңалық емес шығар, бірақ Ертісбаев - өтірікші. Маған қатысты "жалған ақпарат таратқаным үшін қылмыстық іс қозғалғаны туралы" мәлімдемесін ютуб арнасынан көрген боларсыздар. Мен ІІМ және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне жүгініп, маған қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы ақпарат берулерін сұрадым. Жалпы қандай да ісім үшін процессуалды мәртебесі бар ісім бар ма. "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес 10.06.2024 жылғы жағдай бойынша маған қатысты қылмыстық іс жоқ болып шықты. Егер Ертісбаевтың айтқаны шындыққа жанасса, менен ендігіде жауап алатын еді. Ертісбаевтан жалған ақпаратты көпшілік алдында жоққа шығаруын және менен кешірім сұрауын талап етемін, әйтпесе оның әрекетіне қатысты ар-намысыма тию мақсатында, жала жабу туралы арыз түсіремін. Сонымен қатар, моральдық шығынды өтеу талап етіледі. Мен оның 24 сағат ішінде көпшілік алдында кешірім сұрауын күтемін", - дейді Айтбек Амангелді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар