Үш күннен соң: Заңгер 15 маусым әйелдер үшін қандай өзгеріс болатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 маусым, 2024
- 607
Заңгер 15 маусымда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің инстаграм-парақшасында бөлісіп, әйеліне қол жұмсағандар айыппұл арқалайтынын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғалидің жазуынша, әйеліне қол көтеріп, оған ауыр зардап келтірсе бас бостандығынан айырылады.
"Әйеліне қол жұмсағандар 295 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі.
Әйелінің денсаулығына жеңіл немесе ауыр зардап келтіргендер 3-8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Іс қозғау үшін жәбір көрген әйелдің арызы қажет емес. Көрші, туысы айтса, куәгер болса немесе фото-видео болса жеткілікті.
Агрессорлар тергеу изоляторына немесе түрмеге қамалады және қаулы бойынша үйінен кетуі тиіс. Бұрынғыдай ұрып-соғып алып, кешірім сұрап, қайтадан шай ішіп отыра алмайды", -деп жазды заңгер.