Қоғам
Алматы мен Талғар тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 маусым, 2024
- 433
Алматы қаласында 1.6 балл сезілді
13 маусым сағат 22:25 минутта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан.
Шкала бойынша: Алматы қаласында 1,6 балл, Талғарда-1,4 балл.
"Зардап шеккендер мен қираулар жоқ",- деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.