Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тальго пойызында жолаушыны зорлау: сотталған жолсеріктер бостандыққа шықты

Тальго пойызында жолаушыны зорлау: сотталған жолсеріктер бостандыққа шықты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Өз кезегінде Жетес Үмбеталиев жазасын толық өтеп, 2024 жылдың сәуір айында бостандыққа шықты.

2018 жылы купеде зорлағаны үшін сотталған «Тұлпар-Тальго» пойызының жолсеріктері бостандыққа шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақтөбенің No2 сотына сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ-та 5 жылға сотталған Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов түрмеден шыққаны туралы ақпарат пайда болған еді.

«2022 жылдың маусымында сот Қолқанат Құрманиязовты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, қабылдамаған болатын. Алайда сол жылы облыстық сот қалалық соттың шешімін бұзып, өтінішті қанағаттандырды», - деп хабарлады Informburo.kz тілшісіне Ақтөбенің №1 сотында.

Өз кезегінде Жетес Үмбеталиев жазасын толық өтеп, 2024 жылдың сәуір айында бостандыққа шықты.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты растап, сотталғандарды қарау және оларға қатысты шешім қабылдау соттың құзыретіне жататынын атап өтті.

«Тұлпар-Тальго» пойызында жолаушыны зорлау туралы жанжал 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан 35 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын екі жолсерік  купесінде зорлап кеткен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар