"Мұрнынан иіскеп, құшақтап тұрғаным": туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:35
- 2
Олар өздерінің ешкімнің алдында ақталмайтынын алға тартты. Сондай-ақ, ер адамның қызының мұрнынан иіскегісі келген.
«Біз ешкімнің алдында ақталмаймыз. Түбі ақиқат ашылып шығады. Қызымның туған күні. Бар жазығым, қызымды иіскелегенім. Бетінен сүйіп, мұрнынан иіскедім, тұңғышым ғой деп», – дейді әкесі.
Ата-ана өздерінің қарапайым отбасы және төрт бала тәрбиелеп отырғандарын жеткізді.
«Ертең бізге білім бөлімінен және қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен келеді. Біз де соны қалап отырмыз. Біз бұл іспен соңына дейін барамыз. Ақ-қарасын ажыратамыз. Видео да саламыз. Заман не болып кетті? Керуен көше береді, ит үре береді. Ақылы бар, миымен ойлайтын кісілер адекватты қарайды. Көбісінің жазғаны негатив. Адам не көргісі келеді, сол шығып отыр. Бізде бәрі жақсы. Біз ондайға сынбаймыз, уайымдамаймыз. Бұл да бір Алланың сынағы. Көре алмайтындар да бар шығар бізді. Біз қарапайым отбасымыз, төрт баламыз бар», – дейді қыз баланың әкесі.
Ол сөз арасында кезекті рет қызын мейірлене иіскеп, құшақтағанын тілге тиек етті. Өздерінің видеосын, бет-әлпетін рұқсатсыз жариялағандардың үстінен арыз жазатындарын айтты.
«Біз ешқандай да қылмыс жасаған жоқпыз. Жазығым, қызымды мұрнынан иіскеп, құшақтап тұрғаным. Көңілім босап, кішкентай күндері есіме түсіп кетті. Осы мәселе бойынша, адвокатпен сөйлестік. Бізге айтқан ақылы – ар-намысыма тиетіндей негатив жазғандарды скриншот жасап алу. Бізбен бірге ешкім өмір сүріп жатқан жоқ. Видеомыз бәлкім басқа ракурстан түсіп қалған болар. Ақылды адам екі тарапты да тыңдайды, ақылсыз адам миымен не ойлады, соны шығара береді», – дейді әкесі.



