Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде көлігін сатпақшы болған әйелді өлтіріп кетті

Ақтөбеде көлігін сатпақшы болған әйелді өлтіріп кетті
Сурет: pngtree.com
Әйелдің денесін тәртіп сақшылары қала сыртынан тапты.

Ақтөбеде көлігін сатпақшы болған әйел жоғалып кеткен. Облыстық полиция департаменті әйелді өлтіріп кеткенін анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

9 маусымда 55 жастағы әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, содан оралмаған. Марқұмның туыстары полицияға хабарласқан.

 

"Осы өтініш бойынша жеке құрам дереу хабардар етіліп, қылмыс белгілерінің болуына байланысты іс анықталып, Кісі өлтірумен байланысты тонау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді", – деп хабарлады облыстық полиция.

 

Полиция іздестіру барысында күдікті ұсталып, оның үйіндегі гараждан ұрланған көлік табылған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Ал әйелдің денесін тәртіп сақшылары қала сыртынан тапты.

 

"Аталған іс бойынша сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар