“Бірінші өзіңді жөндеп ал”: Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаеваға шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 маусым, 2024
- 39.6k
Әнші Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаеваны сынға алып, оған көбірек ақын болған жарасатынын алға тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
"Өткен күні бір жігіттің әлеуметтік желіден сөзін көріп қалдым: "Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой, ақын ретінде мен оны жақсы сыйлайтынмын, тыңдайтынмын. Сол ақын болып жүре беруі керек еді. Бір келіншек Айнұр Тұрсынбаеваның уағызын сатып алып, соны оқып, алпыс мың теңгеге ішкиім сатып алыпты" дейді. "Соның ақшасын төлемей қарызға алыпты. Төлей алмай жүр" дейді.
Жігіт "Айнұрды тыңдап, қымбат ішкиім кие ала алмайсыңдар, қымбат ішкиімді Айнұр киеді, ондайларыңды қойыңдар" дейді. Ұят қой, кім кімге ақыл үйреткендей қазір?! Біреуге "былай өмір сүр" деп айтудың алдында өзіңнің өміріңе қара. Содан кейін ақыл айт. Ол неге әйелдерді жолынан адастырады?! Отырып алып, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқығы жоқ. Бірінші өзіңді жөндеп ал. Бір Айнұрға ғана тиісті дүние емес", - дейді әнші.