Баян Алагөзова Snoop Dogg-пен ән салған "Кешюліктер" ашық-шашық оюлы киім киді деп айыптағандарға жауап берді (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 17 маусым, 2024
- 3.4k
АҚШ-та қазақстандық «Кешю» тобы Snoop Dogg-пен бірге ән айтты. Еліміздің атынан барған әншілер қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері бейнеленген киіммен өнер көрсеткен. Сол үшін сынға қалған. Өйткені олардың киімі әдеттегіден ерекше ірі оюлы әрі ашық-шашық еді.
Көпшілік қыздардың образына мін таққан. Ал олардың продюсері Баян Алагөзова ою сондай қадірлі болса елге қалай қолдануды айтпас бұрын, өздеріңіз де аяқпен баспаңыздар деген жауап қатты.
"Маған мұнда көп адам қазақы ою-өрнегі үшін ұрсып жатыр. Жарайды, онда жұмсақ жеріңізді көрпеге басып, аяқпен оя бейнеленген кілемді басуды қойыңыздар… Жоқ жерде әулие бола қалғанды доғарыңыздаршы! Біз мұны әлемді мәдениетімізбен таныстыру үшін жасадық, біз оны жасадық! Сіз ойсыз хейтпен бізді алға жылжытудан басқа не істедіңіздер?" - деді ол әлеуметтік желілерде.