Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зират басында: досымен бірігіп өз әйелін зорлаған түркістандық он жылға сотталды

Зират басында: досымен бірігіп өз әйелін зорлаған түркістандық он жылға сотталды
Сурет: zp.vgorode.ua
Оны темір арамен өлтіріп, әкесінің зиратының жанына көмемін деп қорқытқан.

Түркістан облысында зират басында әйелін досымен бірге зорлаған ер адам он жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тергеу анықтағандай, жас жұбайлар үйлеріне жылу жүйесін орнату үшін жұмысшылар жалдаған. Сондағы біреуімен ер адам ішімдік ішеді, әйелі оларға тіскебасар әзірлеген. Сол сәтте күйеуі әйелі жұмысшылардың бірімен өзінің көзіне шөп салды деп ойлайды. Сөйтіп жұмысшының біреуін ұрып үйден қуып жібереді. 

 

Сағат 03:00-ге таяу күйеуі әйелімен бірге досын үйіне алып бара жатып, көзіне шөп салған келіншегін жазалауды ойлайды. Жұбайының үстіндегі киімін шешіп, досымен бірге зорлаған. Оны темір арамен өлтіріп, әкесінің зиратының жанына көмемін деп қорқытқан.

 

Облыстық сот қылмыстың өткен жылдың қазан айында жасалғанын, бірақ істің құзырлы органдарға жуырда түскенін түсіндірді. Осы уақыт ішінде тергеу жүргізілді. Мамыр айының соңында ғана айыпталушыларға үкім шықты.

 

«Сотта сотталушылар өз кінәларын ішінара мойындап, мас болғаны соншалық, сол түннің жай-жапсарын есіне түсірмегенін айтты. Әйелдің күйеуі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігінің 1, 2-тармақтарымен «Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы ерекше қатыгездікпен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 жылға жаза тағайындалды. Оның танысы дәл осы бап бойынша 9 жарым жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Ведомствода атап өткендей, екінші сотталушы сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсіріп үлгерген

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар