Тоқаев қорғаныс министріне комадағы сарбаз оқиғасы бойынша ескерту жасады
- автор kyn.kz
- 17 маусым, 2024
- 676
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті", - деп жазды ол.
Оның айтуынша Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетері, әлеуметтік желіде жарияланған видеода ашынған ана 19 жастағы ұлының комада жатқанын және жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын хабарлаған. Оның жағдайы ауыр. Әскери қызметкердің ата-анасы ұлының Жамбыл облысында әскери борышын өтеу кезінде физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлады.