Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Германияда жоғалған қазақ қызының денесі табылды

Германияда жоғалған қазақ қызының денесі табылды
Инстаграм
марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

Bild басылымы таратқан мәлімет  бойынша, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған. 

"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - деп жазды басылым.

Сайлыбаевамен бір мезгілде оның қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров қаза тапқандардың туыстары Германияға барғанын айтқан еді.

Донцованы іздеу жалғасуда.

Бұған дейін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында 2024 жылдың 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтары жүгінгенін айтады. Олар 2024 жылдың 3 маусымда қызы жоғалып кеткені жөнінде арыз түсірген.

– Бас консулдық өтініш келіп түскен сәттен бастап, ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікі полицияға хабарласты. Полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді. Біздің оған тікелей араласуға құқығымыз жоқ, – дейді Смадияров.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар