"Мейірімді адам болды": Бейбіт Алибеков Германияда өлтірілген қазақстандық әйел туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 маусым, 2024
- 497
Белгілі блогер, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков заң факультетінде бірге оқыған курстасы Айгүл Сайлыбаеваның қандай адам болғаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейбіт Satzhangram сұхбатында марқұм туралы естеліктерімен бөлісіп, болған оқиғаға өкінішін білдірді.
«Айгүл мен білетін ең жарқын жандардың бірі болатын. Ол керемет ақылды, жанашыр және мейірімді адам болды. Мен оның агрессиясын немесе ашуланғанын ешқашан көрген емеспін, сондықтан бұл біз үшін үлкен соққы болды. Мұндай адам тек жақсылықты ғана тарта алатындай көрінетін», - дейді Әлібеков.
Сонымен қатар, ол Айгүлдің күйеуі оны жүйелі түрде ұрып-соққанын айтты.
«Бұл туралы оның ағасы Қанат қарындасының денесіндегі іздер мен көгерген жерлері бар фотосуреттерді көрсетті. Бұл туралы Айгүлдің бұрын ешкімге айтпағаны өкінішті», - деді блогер.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024