Мәдениет
Алматыда 100-ге жуық әншіні алдап-соққан композитор ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 маусым, 2024
- 416
Осыған дейін Асхат Тарғын, Кенжебек Жанәбілов өздерінің алданғанын айтып, шулаған болатын
Бірқатар музыкалық орындаушыларға қатысты алаяқтық жасады деген күдікті ер адам ұсталды. Бұл туралы Бостандық ауданының ПІБ жанындағы полиция бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Азаматтардың өтінішінен көрініп тұрғандай, ер адам өзінің композитор 30 жастағы екенін мәлімдеген. Және біреудің туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатқан. Күдікті ұсталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда,” – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Осыған дейін қазақ эстрадасының топ әншісі жалған композиторға алдандық деп шулаған болатын. Өзін ақын, сазгермін деп таныстарған азамат орындалып жүрген әнді 10 адамға сатып, әншілерді ұятқа қалдырған.