Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бізді құртып бітті»: Мейрамбек Бесбаев тойды бизнеске айналдырған әншілерді сынады

«Бізді құртып бітті»: Мейрамбек Бесбаев тойды бизнеске айналдырған әншілерді сынады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Мейрамбек Бесбаев той әншілерімен қатар, әндеріне орысша сөз араластырып шырқайтындарды да сынға алды.

«Музарт» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев той әншілеріне қатысты пікірін білдірді. Ол жеңіл әндер орындайтын өнерпаздарға ашуланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақапарат агенттігі.

Өнер иесі бұл туралы «Қызық times» бағдарламасында айтты.

"Елдің бәріне "МузАрт" болу шарт емес. Бірақ бәрі "Тойда шырқасақ болды" деп айту, сол ритммен кету дұрыс емес. Әйтпесе тәп-тәуір түрлері мен дауысы бар әншілер. Сол жағы ғана кішкене жүрегіңе тиеді екен. Мен міндетті түрде эстрада мықтыларының жолымен жүрсін демеймін. Солар сияқты ән айтсын деп тұрған жоқпын. Әндерінің тақырыптары да бір түрлі. Олардың әндерінің сөздері де есте қалмайды. Осы жолмен бәрі кете бермесе екен деген тілек бар", - деді әнші.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар