Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Димаш тойға шығып жүр»: Желі қолданушысы әншіден көңілі қалғанын айтты

«Димаш тойға шығып жүр»: Желі қолданушысы әншіден көңілі қалғанын айтты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Тыңдарман Димаш Құдайбергеннің тойға шығып, ән айтқанына ренжіді

Әлеуметтік желіде танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің тойда ән айтқан видеосы тарады. Димаштың ән шырқап тұрғанын парақшасына жүктеген желі қолданушысы оның бұл әрекетіне көңілі толмайтыны айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Димаш тойға шығып жүр. Бұл тірлігі үшін ұялмай ма? Концертіне толық зал көрермен жинай алатын адам мұндай отырыстарда ән айтпауы керек. Әбден көңілім қалды", деп жазды ол. 

Аталмыш видеоға пікір жазушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі шынымен бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі жақын досының үйленіп жатқанын жарыса жазды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар