СІМ Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 маусым, 2024
- 694
Қытайда өмір бойына сотталған қазақ қызының жағдайы туралы СІМ мәлімет берді, деп хабарлайды "KYN.KZ" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Қытайда сотталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай туралы айтты.
«Соңғы 6-7 жылда әлеуметтік желіде неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сондықтан оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға хабарлассаңыз болады. Экстрадицияға осы мемлекеттік орган жауап береді», - деді СІМ ресми өкілі.
БАҚ өкілдері СІМ-нен Ақжарқын Тұрлыбайдың соңғы рет қашан байланысқа шыққан сұрады. Бұл сұраққа Айбек Смадияров қысқа жауап берді.
«Біз байланыстамыз, жағдайы жақсы», - деді ол.