Қазақстанда көпбалалыларға берілетін жәрдемақы ай сайын көбейіп отыратын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 маусым, 2024
- 4.9k
Қазақстандағы көп балалы отбасына берілетін ең төменгі жәрдемақы – 59 183 теңге. Әр бала дүниеге келген сайын ол 15 мың теңгеге дейін өсіп отырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын қазақстандық отбасыларға бөлек мемлекеттік жәрдемақы алуға болады. Ол ата-анасының табысына немесе басқа төлемдерді алуына қарамастан тағайындалады. Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы тек отбасындағы балалардың санына байланысты және айлық есептік көрсеткіште (АЕК) тағайындалады.
Осыған байланысты ол жыл сайын өсіп келеді. 2024 жылы өсім 7 пайыз болды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдегендей, 2024 жылы бұл төлемдердің ай сайынғы мөлшері: төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; бес балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; алты балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге; жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге; сегіз және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға айына 14 768 теңге.
Осылайша, әр бала дүниеге келген сайын көп балалы отбасының жәрдемақысы 15 мың теңгеге дейін өсіп отырады. Сәйкесінше, балалар кәмелеттік жасқа жеткенде немесе университетті бітіргенде де дәл осындай мөлшерде төмендейді. Дегенмен жәрдемақы мөлшері олардың санымен шектелмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024