Мәдениет
“Жылап алатыным бар”: Ерке Есмахан өмірдегі өкінішін жеткізді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 маусым, 2024
- 822
Ерке Есмахан әкесіне деген сағынышын жеткізді
Әнші Ерке Есмахан әкесін еске алып, желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол әкесінің осыдан 4 жыл бұрын індеттен көз жұмғанын жазды.
"2020 жылғы індеттен 82 жасында әкем өмірден өтті. Алла рахымына алсын! Жаны жәннаттық болсын! Асқар тау әкешім. Әкем мен анам Муслимді тәрбиелеп өсірді. Аллаға шүкір! Райм әкеммен бірнеше рет жүздесіп, дастархандас болған еді. Отбасы құрғанымызды көргенде ғо! Исламокты бір иіскегенде ғой деп іштей ойлап, жылап алатыным бар. Өмір-ай, әкем өмірден өткен соң анама оңай болған жоқ. Төзімді, жаны жұмсақ анашым. Алла ұзақ ғұмыр берсін!" – деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024