Қоғам
«Ата-анасын сабап, үйден қуады»: ішкілікке салынған белгілі термешінің ұлы зейнеткерлерге күн көрсетпейді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 маусым, 2024
- 16.0k
Кенже ұлы ішпесе тұра алмайды
Кенже ұлы ішімдікке салынып кеткен белгілі термеші Сәтмағамбет Нұрмағамбетов көмекке мұқтаж. Оларды баласы үйден қуып, ұрып-соғатын көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Көреміз" бағдарламасына келген зейнеткер ұлының ішімдікке салынғанына бірнеше жыл болғанын айтады.
«Осы ішімдікке әуес болды. Ішпесе тұра алмайды. Бір келіншектермен жүрді. Басында дуа бар дейді», - дейді анасы.
Көршілерінің айтуынша, 27 жастағы Ғарифулла күнделікті ішіп, ата-анасының зейнетақыларын тартып алады екен.
«Бұл нарколагиялық орталыққа жатып шықты. Мына жерде жатады осылай. Анасын көк ала етіп ұрып тастаған», - дейді танысы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024