Қоғам
Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін туыстарынан 100 млн теңге сұраған астаналық әйел ұсталды
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2024
- 1.0k
Күдіктінің үстінен экс-министрдің жақындары арыз түсірген.
Сонымен қатар күдікті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да тергеледі. Астанада 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны "Г"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенді, яғни Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген сылтаумен алдау жолымен 100 миллион теңгені иемденбек болды деген күдікке ілінді", - дейді ведомство.
Сонымен қатар күдікті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да тергеледі.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.