Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер мен еріктілер тобы қатысуда
Қазақстандық туристер фейерверк атып, Грекиядағы аралды өртеп жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Pro news порталының хабарлауынша Гидра аралында 13 қазақстандық туристер жағалауда тұрған яхтадан отшашу атып, ауқымды орман өртін тудырды. Жұма күні кешке отшашу атылған яхта тәркіленді.
Оқиға 21 маусым күні кешкісін Агиос Николаос жағажайында туристер жалға алған яхтада болған. Олар құрлыққа қарай от шашып нәтижесінде қарағайлы орман өртке оранған.
“Олар не істегенін түсінгенде өртті сөндіруге тырысты. Сосын өрт өршігенде олар жай ғана өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, өздері қашып кеткен”, - делінген материалда.
Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер мен еріктілер тобы қатысуда. Ауадан тікұшақ жұмыс істеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- авторkyn.kz
- 13 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




