"Әлі сөйлей алмайды": Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз есін жиды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2024
- 908
Жамбыл облысында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз оянды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол дәрігерлерге алғысын білдірді.
«Сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз! Дәрігерлер айтқандай, қазір ол саңырау. Бізді таниды. Бірақ бұрын жасалған трахиостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Жағдайы ауыр, диализ жасалады, ол шамамен 6-8 сағат болады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамыз», - деді Тимур Жаналин.
Айта кетсек, осыған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтың бейнеөтініші пайда болып, оның әскерде борышын өтеп жүрген 19 жастағы жалғыз ұлы комада жатқанын және өкпесінің жасанды желдету аппаратына қосылғанын хабарлады.