Қоғам
Грекиядағы өрт: ҚР СІМ ұсталғандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2024
- 387
Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Грекияның Гидра аралында яхтадан шыққан өртке қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айбек Смадияров ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқтығын айтты.
«Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», - деген ақпаратпен бөлісті Айбек Смадияров.
Еске салсақ, бұған дейін шетелдік БАҚ Грекияның Гидра аралында яхтада демалған қазақстандық туристер өрттің шығуына себеп болды деген ақпарат таратқан болатын. Өрт орманға дейін жеткен.
Келесі мақала