«Елдің үміті сөніп барады!»: Айгүл Орынбек Тоқаевқа видео үндеу жолдады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2024
- 1.5k
Белгілі заңгер, әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа оңтүстік өңірдегі қылмыстық істердің жағдайын айтып, үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құқық қорғаушының айтуынша, оңтүстік өңірде қылмыстық істерді шешу базарға айналған. Соның ішінде үй қамаққа шығару үшін белгілі бір ставка қояды екен.
«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев!
Оңтүстікте қылмыстық істер ашық сауда базарына айналған. Үй қамаққа шығу үшін 5 000 000 теңге дейін ставкасы бар. Ауыр баптан жеңілге түсіру үшін 5 000 000-3 000 000 теңге аралығында. Прокуратураның әрекетсіздігі, тергеу сотының әлсіздігі халықты тоздырып бітті. Әділетті Қазақстаннан елдің үміті сөніп барады! Жоғарыда отырған басшылар жәй ғана бір-біріне хаттарды лақтырумен отыр. Естуші мемлекет халық үнін естімей отыр!», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.