Қоғам
«46 градусқа дейін»: Қазақстанда алдағы күндері қатты ыстық болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2024
- 594
27 маусымға қарай аптап республиканың солтүстігіне жетеді.
Синоптиктер елемізде 25, 26 және 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды.
25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап республиканың солтүстігіне жетеді.
"Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35...+38 градусқа дейін, оңтүстігінде ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.