Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда әйел қызын тұншықтырып өлтіріп, артынан өзі секіріп көз жұмды

Алматыда әйел қызын тұншықтырып өлтіріп, артынан өзі секіріп көз жұмды
Сурет: Москва 24
Алматы облысының полиция департаменті қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Алматыда әйел Орталық демалыс саябағында шолу дөңгелегінен секіріп мерт болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол өзіне қол жұмсамас бұрын қызын  тұншықтырып өлтіргені белгілі болды. Алматы облысының полиция департаменті қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмағандардың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Алматы облысының ПД.

Сондай-ақ, қайтыс болған әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұрғаны хабарланды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар