«Өтірік айтудан шаршамадың ба?»: Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарға ашуланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 маусым, 2024
- 1.8k
Қарлығаш Сұлтанша әнші Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ернар Айдар алғашқы ұстазы, сазгер Қуаныш Құрманбаевтың еңбегін жоққа шығарған.
«Мені сахнаға жетелеп алып шыққан әуелі Алла, сосын осы Талғат ағам. Ағаммен жұмыс істеген кезде тоқтамай ән жаздық. Кейін ол кісі өзінің жеке кәсібімен кетті де, «Ары қарай өзің жұмыс істеп көр. Бәрін біліп, үйреніп алдың» деп мені бөлек жіберді. Содан кейін кішкене саябырсып қалдық. Қасымдағы жігіттер де «Ән жазбай қойдың ғой» деп жүрді. Кейін ағаммен қайта бірлесе жұмыс бастап, «Шүкір» әнін жазып шықтық», – деген ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында.
Әншінің бұл сөзіне Қуаныш Құрманбаевтың жары Қарлығаш Сұлтанша ренішін білдірді.
«Мен негізі әділетсіздікке шыдай алмаймын. Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ бұлай ұстазыңның еңбегін жеме, Ернар! Продюсерім деп жүрген ағаң қасыңнан неге кетті?! Оны мен білемін. Осыншама өтірік айтудан шаршамадың ба? Енді мені тоқтата алмайсың», – деп жазды Қарлығаш әнші.